Оқушының өлімі: бас прокурор істі жеке бақылауына алды

4 Қыркүйек, 19:06 435

Бас прокурор Берік Асылов Ақтөбе облысы Қопа ауылындағы мектеп оқушысының қазасына байланысты қозғалған қылмыстық істі тергеу барысын жеке бақылауына алды. Бұл туралы Асылов өзінің Х желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Асыловтың айтуынша, бұл жағдай тәрбие берудегі кемшіліктерге байланысты болған.

Салдарынан жасы үлкен балалар кішілерге әлімжеттік жасап, бірін-бірін ұруға мәжбүрлеген, - деп жазды ол.

ДСМ 2023 жылғы желтоқсанда балалардың денсаулығы мен әл-ауқатына байланысты зерттеуінде мектеп оқушыларының 17,5 пайызы оқтын-оқтын буллингке ұшырайтынын айтқан.

Зарина Арман
Бөлісу: