Семейде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия оқушыны аяусыз ұрып-соққан үш баланың мәселесін қарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, комиссия үш жеткіншіктік әке-шешесін ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылдаған.
Қазір кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберіледі. Онда олармен психологтар жұмыс істейді. Сондай-ақ, жеткіншектер қоғамнан уақытша оқшауланып, олармен түзету жұмыстары жүргізіледі, – дейді Департамент бастығының орынбасары Ернар Базаров.