Оқушыларға арналған "Буктрейлер" республикалық байқауы басталды

10 Наурыз 2023, 16:00 1605

Қазақстанда оқушыларға арналған "Буктрейлер" республикалық байқауы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Байқау халықаралық балалар кітабы күніне арналған. Оған жалпы орта білім беру ұйымдары оқушылары қатыса алады.

"Байқауға қатысу үшін оқушылар Instagram желісіндегі жеке парақшасында сүйікті кітаптары туралы бейнеролик жариялауы керек. Сонымен қатар @orken_instituty аккаунтын белгілеп,  #читаемвместесөркен#өркеноткрытаякнига хэштегін пайдалауы қажет", - делінген ақпаратта.

 

Айта кетейік, байқауды Оқу-ағарту министрлігіне қарасты адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты ұйымдастырып жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: