Оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануына шектеу қойылмақ

30 Қараша 2023, 11:34 2815

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануына шектеу қоюды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған мәселе бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы негізінде қаралды.

Депутат Асхат Аймағамбетов:

Ұстаздармен болған кездеулерде түскен тағы бір мәселе оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануы және оған тыйым салу бойынша заңнамада нақты шектеулердің болмауы. Осыған орай сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануды шектеу туралы арнайы норма да жобаға енгізілді, – деді ол.

Заң жобасын қабылдау білім беру саласындағы және жетім балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік береді.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: