Оқушы мұғалімді балағаттаса қандай жаза күтіп тұр

13 Желтоқсан 2023, 12:30 5295

Оқушы мүғалімді балағаттап, ар-намысын таптаса, оның орнына ата-анасы заң алдында жауапты болады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 435-бабына сәйкес, ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберіледі және 7 АЕК – 24  150 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Ескере кетейік, егер бала мұндай өрескел әрекетті бірнеше рет жасаса, мектептен шығарылуы мүмкін. Яғни, «Білім туралы» заңының 31-бабының 3-тармағына сәйкес 16 жасқа дейінгі балаларды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: