Оқу материалдары цифрлық форматқа қашан көшіріледі?

16 Тамыз 2023, 17:03 1250

Премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен оқу процесінде электрондық оқулықтарды пайдалану жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқу-ағарту вице-министрі А.Ілиясов мектептерді электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету жөніндегі ахуал және осы бағытты одан әрі дамыту бойынша жоспарланған шаралар туралы баяндады.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, баспалар мен IT-компаниялардың өкілдері электрондық оқулықтар мен білім беру платформалары саласындағы соңғы әзірлемелерін ұсынды.

Кеңеске қатысушылар электрондық ресурстардың әлеуетін және оларды білім беру процесін жетілдіру үшін пайдалану мүмкіндіктерін талқылады. Бұл ретте педагогтарға электрондық ресурстарды таңдау құқығы берілуге тиіс екені айтылды, - делінген мәліметте.

Кеңесті қорытындылай келе, премьер-министрдің орынбасары – еңбек және әлеуметтік қорғау министрі мектептерді электрондық оқулықтармен және цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеу, оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру және оларды оқу процесінде қолдану жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: