Оқу-ағарту министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

30 Қараша 2022, 18:49 1184

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті

Қоғамдық кеңес құрамына жекеменшік білім беру ұйымдарының өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер, депутаттар, ҮЕҰ және ІТ саласының өкілдері, мұғалімдер, мектеп директорларынан құралған 21 адам кірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дауыс беру арқылы президиум мүшелері сайланды: Қоғамдық кеңес төрағасы Әбдіманап Бектұрғанов, ұлттық білім беру инвесторлары қауымдастығының президенті Күләнда Батырбекова, мектеп директоры Алма Жұмабекова, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының директоры Нұргүл Ұлжекова, «Astana Garden school» ЖШС бас директоры Нұрмұхаммед Досыбаев, Мектепке дейінгі және орта білім берудің жекеменшік ұйымдарының республикалық қауымдастығы басшысы Динара Құдайқұлова, «Kusto Group» директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мәдина Тыныбаева, «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Ілеуова. Сондай-ақ Қоғамдық кеңестің құрамына «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Ержан Әубәкіров, «Mugalim» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Арофат Нұрлақов, «OYNA балалық шақ институты» қоғамдық бірлестігінің тең құрылтайшысы Айжан Рамазанова және т.б. кірді.

EL.KZ
Бөлісу: