Оқу-ағарту министрлігі шұғыл жиналыс өткізді

24 Мамыр 2023, 23:26 750

Оқу-ағарту министрлігі шұғыл жиналыс өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиын ведомствоның әлеуметтік желісінде трансляцияланды.

Жиналыста оқушылар 25 мамырдан соң да мектепке барулары қажеттігі туралы айтылды.

Кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі мен білімі бойынша міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік екі тарапқа да жүктеледі, - деді жиын барысында.

Сөз ата-ана мен мектеп директорларына қатысты болды. Мектеп директорларына оқулықты ерте жинап алғандары үшін 15-тен 30 АЕК-ке, яғни 51 750 теңгеден 103 500 теңгеге дейін айыппұл салынатыны ескертілді.

Айта кетерлігі, мұндай екі жағдай Ақтөбе мен Шымкентте анықталған. Енді барлық мектептерге мониторинг жүргізіледі деп отыр.

Еске салайық, биыл елімізде ресми түрде оқу жылы 31 мамырда аяқталады.

Берік Арманов
Бөлісу: