Елімізге белгілі нейрохирург, медицина саласындағы үздік маман Мыңжылқы Бердіқожаев "1001 түн" бағдарламасында операция кезінде сүре тыңдайтынын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы бір жылдай уақыт болды. Операция кезінде «Бақара» сүресін қосып қоямын. барлық бригада тыңдайды. Науқас егер жергілікті анастезиямен болса, науқас та тыңдайды. Ол өте мықты сүре деп ойлаймын. Кейбір дәрігерлер музыка тыңдайды. Өз басым музыка тыңдап көрдім, кейбір жағдайларда алаңдатады. Күнде бір сүре алаңдата қоймайды, арасында таныс сөздер де бар. Ол да бір күрделі операциялар кезіндегі амалдардың бірі, - дейді дәрігер.
Президент іс басқармасы медициналық oрталығының хирургия жөніндегі директорының орынбасары Мыңжылқы Бердіқожаев бұған дейін 12 сағат бойы тік тұрып ота жасағанын айтқан еді.
Биыл 500-ден аса операция жасадым. Алматы қаласында 300-ден аса, Астанада 100-ден аса операция жасадым. Сонымен қатар, аймақтарға шығып, көршілер Өзбекстанға да ай сайын барып 70 рет операция жасадым. Күніне 14-17 операция жасаған кездер де болды, - дейді хирург.