ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін одан әрі азайтуға келісті

2 Сәуір 2023, 20:14 1193

Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті

Қазақстан басқа ОПЕК+ елдерімен бірге 2023 жылдың мамыр айынан бастап өндірісті одан әрі қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан 2023 жылдың мамыр айынан бастап басқа ОПЕК+ қатысушы елдермен бірге өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге қысқартуды жүзеге асырады.

Бұл қысқарту 2022 жылғы 5 қазандағы ОПЕК+ 33-ші министрлік кездесуінде қабылданған өндірісті қысқартуға қосымша алдын алу шарасы болып табылады.

EL.KZ
Бөлісу: