ОПЕК+ алдында Қазақстан тәулігіне 45 мың баррельге міндеттемелерді асыра орындады

12 Маусым, 10:19 452

Келісіммен бекітілген тәуелсіз дереккөздердің бағалауына сәйкес мамыр айында Қазақстан тәулігіне 45 мың баррельге міндеттемелерді асыра орындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстан осы артық өндірісті өтейді және қосымша ерікті қысқартуларды қоса алғанда, маусым айында міндеттемелерді толық орындайды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы 2024 жылдың басынан бастап 2025 жылдың қыркүйек айының соңына дейін созылатын өтемақы кезеңі ішінде артық өндірілген көлемді өтейді.

Қазақстан Республикасы алдағы күндері ОПЕК хатшылығына өзінің жаңартылған өтемақы кестесін ұсынады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: