Биылғы жылдың қазан айынан бастап «SCAT» қазақстандық әуе компаниясы Астана – Сиануквиль және Алматы – Сиануквиль бағыттары бойынша Камбоджаға тікелей жолаушылар рейстерін іске қосады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
24 қазанда Астанадан алғашқы рейс орындалды, Алматыдан алғашқы ұшу 29 қазанда жоспарланған.
Туристерге ыңғайлы болу үшін рейстер чартерлік негізде Boeing-757/737 Max ӘК типінде орындалады.