Оңтүстік өңірлерде 25 градусқа дейін күн жылынады

9 Наурыз 2023, 17:53 631

Синоптиктер 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, елдің басым бөлігі жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін антициклонның ықпалында болады.

Синоптиктер атап өткендей, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтілетін атмосфералық фронтальды бөлімдер елдің батысы мен солтүстігі арқылы ғана өтеді.

Мамандардың болжауынша, республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстік жартысында боран, тұман, көктайғақ болады.

Астанада күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 2-7 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -11-13°С, күндіз 0,+2°С болады.

Алматыда да жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1 + 3°С, күндіз + 14 + 16°С.

Шымкентте ауыспалы бұлттылық сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +23+25°С.

EL.KZ
Бөлісу: