Оңтүстік Кореядағы зауытта болған өрттен 20 адам көз жұмды

24 Маусым, 16:40 532

Оңтүстік Кореяның Хвасон қаласындағы батарея шығаратын зауытта болған өрттен кейін 20 адамның денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Ренхап» агенттігінің мәліметінше, 24 маусым күні таңда литий батареяларын өндіретін зауыт өртеніп, оқиға орнынан 20 адамның денесі анықталған.

ARICELL зауытының өртке оранған корпусында 35 мың дайын литий батареялары тұрған. Өртке не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Қызыл жалын тек араға бес сағат салып сөндірілді. Сол кезде ішінен жұмысшылардың денелері табылған. Олардың арасында шетелдіктер де бар екені айтылуда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: