Оңтүстік Кореяда жолдағы әрекеті үшін қазақстандық бойжеткендер жазалануы мүмкін

29 Мамыр 2023, 13:20 1053

27 мамыр күні Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында 39 жастағы Қазақстан азаматы полиция учаскесіне шақыртылған. Себебі ол жолда көлікті бейберекет жүргізген. Бұл туралы Herald басылымына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ал көліктің артқы жағында отырған 27 жастағы және 22 жастағы бойжеткендер бастарын терезеден шығарған.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің жазуынша, бойжеткендер бұл әрекеттерін өздерін бақытты сезінгендігімен түсіндірген.

Кореядағы танысым жақында босанды. Ештеңе болмайды деп ойладым, себебі біздің елде бұл үшін жаза қарастырылмаған, - деген қазақстандық бойжеткендердің бірі.

Полиция қазақстандықтарға қатысты қосымша тергеу жүргізеді. Егер олардың әрекеті құқық бұзушылық деп танылса, онда олар айыппұл төлейді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: