Оңтүстік Кореяда жасөспірім депутатты таспен ұрды

28 Қаңтар, 15:20 810

Оңтүстік Кореяда депутатты таспен ұрған 14 жасар жасөспірім психиатриялық ауруханаға жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шабуыл нәтижесінде саясаткер Бэ Хён Чжин басынан жарақат алды.

Күдікті Сеулдің оңтүстігіндегі шабуыл орнында қамауға алынып, ата-анасының қатысуымен жауап алынғаннан кейін ауруханаға жіберілді.

Жасөспірімнің шабуылдаған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда жас жігіттің саясаткерге қол көтермес бұрын оны әңгімеге тартқанын көруге болады.

Ол Бэ құлағаннан кейін де тас секілді затпен ұруды жалғастырған. Әйел қарсылық көрсетіп, қорғанбақ болған. Осы уақытта басқа біреу келіп қалып, оны арашалап алған.

Бэ ауруханаға жеткізілді, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Жансая Әділбек
Бөлісу: