Оңтүстік Кореяда үйден шықпайтындарға 200 мың теңгеден астам ақы төленбек

14 Сәуір 2023, 14:28 1663

Оңтүстік Кореяның гендерлік теңдік және отбасылар министрлігі 9-24 жас аралығындағы балалар мен жастарға төлем бағдарламасын әзірледі. Бұл туралы WIONews сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бұл бағдарлама оқшаулануға бейім және хикикомори диазнозы бар адамдарға. Хихикомори - Жапонияда пайда болған термин, пандемия салдарынан нашарлаған күйді сипаттайды.

Оңтүстік Корея үкіметі бұл адамдарға мектепке, университетке немесе жұмысқа бару үшін үйден шығуға көмектесуге тырыспақ. Бағдарламаға қатысушылар ай сайын 650 мың вон (226 мың теңге), ал кәмелетке толмағандар мәдени іс-шараларға қатысуға қосымша жәрдемақы алатын болады.

Мұның бәрі тұрғындарды қоғамға бейімдеуге бағытталған шаралар. Осы арқылы билік жұмысқа қабілетті тұрғындардың азаюымен күреспек.

Кореяның денсаулық сақтау және әлеуметтік істер институтының мәліметі бойынша, Оңтүстік Кореяда 19-39 жас аралығындағы 350 мыңға жуық адам жалғыз немесе қоғамнан оқшауланып өмір сүреді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: