Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан 23 адам қайтыс болды

3 Тамыз 2023, 11:37 1019

Биыл жазда Оңтүстік Кореядағы аптап ыстықтан қаза тапқандар саны 23-ке жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Yonhap ақпарат агенттігінің хабарлауынша, республиканың кейбір аудандарында температура 38 градустан асты. 

Оқи отырыңыз:

20 мамыр мен шілде айының соңы аралығында ыстықтан 21 адам қайтыс болды. Ал, бірінші тамызда тағы екі жағдай тіркелді , - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар қызметі.

Айта кетейік, аптап ыстықтан қаза тапқандар өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге көбейген. Оған қоса, биыл ауа-райы салдарынан 400 адам дәрігердің көмегіне жүгінген.

Равиль Ашығали
Бөлісу: