Оңтүстік Корея президенті халықтан кешірім сұрады

7 Желтоқсан, 11:52 462

Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёль осы аптада әскери жағдай жариялап, халық арасында алаңдаушылық туғызғаны үшін кешірім сұрап, мұндай әрекетті қайта жасамауға уәде берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықтың қатты таңғалғанын түсінемін және шын жүректен кешірім сұраймын, деді Юн 7 желтоқсан күні, парламентте өзінің импичменті туралы дауыс беру қарсаңында жасаған теледидар арқылы үндеуінде.

Президенттің айтуынша, сейсенбі күні түнде жарияланған әскери жағдай 6 сағаттан кейін Ұлттық Ассамблеяның қарсы шешімінен соң тоқтатылған.

Ол әскери жағдайға байланысты құқықтық және саяси жауапкершіліктен жалтармайтынын айтып, елдегі тұрақтылықты сақтау үшін өз болашағы мен мерзімін партиясына тапсырғанын мәлімдеді.

Юн Сок Ёль 2022 жылдың мамыр айындабес жылдық бір мерзімге сайланған болатын.



Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: