Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ел аймақтарының жылыту маусымға дайындығы министрліктің бақылауында екенін атап өтті. Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сәтқалиев сондай-ақ Астананың жылыту маусымға дайындығына тоқталды.
Қараша айында жылыту жүйелеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталады. Біз бүгін жедел жиналыс жасадық. Әкімшілік, объектілердің иелері министрлік бекіткен график бойынша жұмыс жүріп жатқанын растады, - деді ведомство басшысы.