Өңірлерде тамыз конференциясы басталды

15 Тамыз, 11:35 727

Бүгін еліміздің 20 өңірінде білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің өңірлік секциялық отырыстары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, негізгі республикалық іс-шара 21 тамызда өтеді.

Алғаш рет республикалық шара халықаралық саммит форматында білім саласындағы сарапшылар - халықаралық қонақтардың қатысуымен өтеді. Биылғы жылы саммит «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында цифрландыруға және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына арналған.

Өңірлік конференцияларда дәстүрлі пленарлық отырыстар, интерактивті параллельді сессиялармен қатар, «Цифрлық білім берудің болашағы» тақырыбында көрмелер ұйымдастырылады және цифрландыру саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен шеберлік сабақтары өтеді, - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Панельдік секциялар мен пленарлы отырыстың материалдары барлығына қолжетімді болуы үшін облыстық басқармалардың сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

21 тамызда өтетін педагогтердің республикалық тамыз саммитінің пленарлық отырысына білім саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуы күтілуде. Оған онлайн режимде 500 мыңнан астам педагогтер қатысуға мүмкіндік алады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: