Өңірлерде отбасын қолдау орталықтары қызметкерлерін оқыту басталды

16 Қазан, 03:27 323

Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Қазақстанда отбасын қолдау орталықтарының қызметкерлерін, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильдік топтар мүшелерін оқыту басталды, депп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, алғашқы семинар-тренинг Алматы облысында ұйымдастырылды.

Тренингтердің мақсаты – қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін, қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға сапалы көмек көрсету үшін ведомствоаралық үйлестірудің сапасын арттыру.

Тренингтерде теориялық және практикалық сабақтар оқытылады. Іс-шара отбасын қолдау орталықтары қызметкерлерінің отбасылармен жеке жұмыс жоспарларын құру бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға, диагностика, жоспарлау және көмек көрсету мониторингін жақсартуға бағытталған, - делінген мәліметте.

Семинар-тренингтер барлық өңірлерде 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында өтеді.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 43 отбасын қолдау орталығы бар. Олардың негізгі функциясы - мемлекеттің отбасылық саясат шараларын іске асыру, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдау бойынша жұмысты үйлестіру, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау көрсету және мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру.

Перизат Саденова
Бөлісу: