Өнермен өрге жүзгендер!

21 Қараша 2022, 16:08 1982

Жанель Қуатова - жас дәстүрлі әнші, республикалық, халықаралық ән байқауларының жеңімпазы. Жанель Қуатова - Кереку өңірінің өрені. Ол бүгінде өзінің ерекше дарынымен әйгілі дәстүрлі әншілерді таңдай қақтырып жүр. Небәрі 11 жасында сырнаймен ән айтып, республикалық байқаулардың бас жүлдесін иеленген. Өнер әлемінде Клара Төленбаева, Елмұра Жаңабергеновасынды манымал әншілердің батасын алған. Жанель Қуатованы Кереку өңірі кіші Майра деп атайды. Себебі ол сырнаймен ән айтып Майра Уәлиқызының дәстүрін жалғап жүр.

Жасмина Айгузова - жас суретші, қолөнерші. Ол сол қолымен ғана жұмыс жасайды. Оның түйме қадаудан бастаған жұмыстары бүгінде  үлкен туындыларға айналған. Жасина қазіргі таңда моншақпен картинкалар тігіп, үлкен конкурстарға қатысып, зор   жетістіктерге қол жеткізді. Астана қаласының  20 жылдық мерекесіне арналған Ұлттық музейдің ұйымдастырған іс шарасына "Астанаға тарту" атты  моншақтармен өрнектелген  туынды тігіп,  жүлделі орынға ие болды. Пандемия кезінде өткен бірнеше  онлайн-офлайн байқаулардың бас жүлдегері марапатын иеленді. Оның шығармашылыққа деген махаббаты зор, көрермен қолдауы оған шалқар шабыт сыйлайды.

Әлішер Киик - жас домбырашы, республикалық «Алтын домбыра» аспапта ойнау байқауының бас жүлде иегері. «Домбыра - жан серігім!» дейді жас домбырашы Әлішер Киик. Ол  әлдилeгeн әнiнeн, күмбipлeгeн күйiнe дeйiн тұнып тұpғaн, ұлттық caнa-ceзiм бoяуы ciңгeн өнep құдipeтi, көнe acпaп дoмбыpaны 6 сыныпта жүргеннен бастап үйренді. Аз уақытта төкпе, шертпе күйлердің табиғатын танып, ұстазынан шеберлік дәрісін алды. Бүгінде елге манымал Айтжан Тоқтаған, Анар Мұздаханова, Шолпан Қорғанбек сынды танымал тұлғалардан жақсы баға алып жүр.

Бөлісу: