"Өнерлі өлке" фестивальінде кентаулық өнерпаздар өнер көрсетті

12 Қыркүйек, 14:54 34

Түркістан қаласында өткен “Өнерлі өлке” өнер фестивальінде кентаулық өнерпаздар Кентау қаласынан шыққан ақын-жазушылардың туындыларын орындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Одан бөлек, қанатын кеңге жайған шаһарда туылған елге танымал жұлдыздардың шығармашылықтарынан көрме көрсетілді.

“Қаратау тәжі” ұлт-аспаптар ансамблі келген қонақтарды жанды дауыстағы әндері мен түрлі күмбірлеген күйлерімен тәнті етті.

Қаламыздың  мақтанышы, ұлттық мәдениетіміздің інжу-маржаны  «Қаратау тәжі» ұлт-аспаптар ансамблі  2020 жылы құрылып, қазіргі таңда қаламыздың көптеген іс-шараларына белсене атсалысуда. Құрамында республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары, жоғары санатты мамандар қызмет атқаруда. Қазіргі таңда ансамблдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Сырман Ердаулет Төлегенұлы. 

«Қаратау тәжі» ұлт-аспаптар ансамблі құрамында қобыз, прима қобыз, прима домбыра, домбыра, дауылпаз, саз сырнай, виолончель, баян аспаптары бар. Сондай-ақ, репертуарлары халық композиторларының, Құрманғазының “Сарыарқа”, «Серпер», “Адай”;  “Қос алқа”; Динаның “Әсем қоңыр”, “Той бастар”; Тәттімбеттің “Сары жайлау”, “Сылқылдақ” және  халық әндерін орындауда. Бүгінде ұлт-аспаптар ансамблі қазақ композиторларының туындыларын халық арасында кеңінен насихаттап келеді.

Ал Ш. Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайына қарасты халықтық атағы бар “Шапалақ” театры 2015 жылы құрылды. 2021 жылы халықтық театр атағы берілді.

“Шапалақ” халықтық театры құрылғанынан бастап республикалық, облыстық байқауларда топ жарып жоғарғы деңгейде ұжымның прoфессионалдық қабілетімен еңбекқорлығының арқасында Кентау қаласы тұрғындармен қала қонақтарының ықыласына бөленді.

2019 жылы Ақтөбе қаласының 150 жылдығы аясында өткен «Айтқыштар Ақтөбеде» VIII Республикалық әзіл-сықақ фестивалінде қатысып ең жоғарғы марапат «ҮЗДІК ТЕАТР» номинациясымен марапатталған.  

«Шапалақ» драма үйірмесі ауыл, қала мәдениетін өркендетуге өз үлесін қосуда. Қазіргі таңда қатысушылар саны 21 адамды құрайды. Қатысушылардың жас құрамы 8 жастан 40 жас аралығында.

EL.KZ
Бөлісу: