Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

25 Ақпан 2023, 21:55 1929

Бұл туралы ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мәлім етті

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.К. Макажановтың Қарағанды облысына жұмыс сапары өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Сапар барысында Ныгмеджан Койшибаевич «Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігінің алаңында өңірдің кәсіпкерлерімен кездесті. Бизнес өкілдерінің өз қызметтерін жүзеге ассыру барысында кездесетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ең өзекті мәселелері мен сұрақтары талқылады. Төраға көтерілген сұрақтарға жауап бере отырып, оларды шешу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жеке құрамымен кездесті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы сақтау, заңнамада көзделген жазалау шаралары және осындай құқық бұзушылықтарға жол берілген жағдайда туыстары мен жақындары үшін жағымсыз салдарлар туралы мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын мүлтіксіз орындау, сондай-ақ еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау бойынша тапсырмалар берілді.

EL.KZ
Бөлісу: