Алматыдағы «Көктөбеде» Наурызнаманың онкүндігін ашқан Көрісу мерекесі аталып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шарада екі мыңнан астам тұрғын мен қонақтар бірін-бірін көктем мерекесімен құттықтап, «Көктөбедегі Амал күні» театрландырылған концертін тамашалау үшін жиналды.
Көрермендер алдында Роза Рымбаева, Жанар Айжанова, «Жігіттер» тобы, Айгүл Қосанова, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері және басқа да өнерпаздар өнер көрсетті.
Мәртебелі меймандар арасында белгілі жазушылар, мәдениеттанушылар, Қазақстанның еңбек сіңірген артистері болды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, наурызнаманың онкүндігі 23 наурызға дейін жалғасады. Бағдарлама аясында көрме, спектакль, сайыс және концерт сынды 100-ден астам іс-шара өтеді.