Он айлық сәби ата-анасы шеккен вейптен уланып қалды

Кеше, 17:19 469

Мәскеу маңында 10 айлық сәби ата-анасының вейп буынан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға жексенбі күні Куровское қаласында болды. Сәбидің вейп буынан денесі тырысып, құрыса бастаған.

Ата-анасы шақырған дәрігерлер шұғыл түрде нәрестені ауруханаға жеткізді. Бүгінгі таңда оның жағдайы орташа ауыр деңгейде деп бағаланып отыр. Дәрігерлер сәбиге вейп буымен ингаляциялық улану және тырысу синдромы диагнозын қойды.

Айта кету керек, вейп буы нәрестелер үшін аса қауіпті екені белгілі. Ересектерге қарағанда, сәбилердің тыныс алу жүйесі толық қалыптаспаған, ал өкпелері мен иммунитеттері уытты заттарға өте сезімтал келеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: