Өміріне қастандық жасалған украиналық экс-депутат ауруханада көз жұмды

20 Шілде, 11:00 647
Өміріне қастандық жасалған Украина Радасының экс-депутаты Ирина Фарион ауруханада көз жұмды. Оны жұма күні белгісіз біреу тапаншамен атып кеткен болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
Ирина Фарионның қайтыс болғаны туралы ақпаратты жергілікті тележурналист Марта Олиярник желі парақшасында жазды. 
Полицейлер әзірге шабуылдаушыны тапқан жоқ. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бұрынғы депутатқа басынан оқ атқан адам бетпердеде болған. 
Біз бұған дейін экс-депутатқа қастандық жасалғаны туралы жаздық.
 
 
Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: