Еуропада өсіп, Қазақстанға туған анасын іздеп келген Жәнібек жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті бауырлар, әпкелер, әкелер мен аналар. Бірнеше апта бұрын сіздермен қауышып, менің өмірім қатты өзгеріп кетті. Әрине, жақсы жағына өзгерді. Мен туған анамды іздеу барысында физикалық және психикалық тұрғыдан көп күш жұмсадым және әлі де жұмсаймын. Сондықтан мен Қазақстаннан тікелей үйге бармай, алдымен миымды тазартып) ойымды жинақтау үшін Таиландқа саяхаттаймын деп шештім, - деп жазды ол.
Қазақстанға қайта келетінін де атап өтті.
Бәрі ойдағыдай, міне, мен үйге таяп қалдым! Менің үйіме оралғанымды да бәрі күтіп жүр. Үй деп Испанияны атағаныммен, туған жерім, менің отаным - Қазақстан ғой. Туған анамды іздеу, анықтау жұмысы тоқтаған жоқ. «Бармысың, бауырым?» редакциясынан бастап, бірнеше маңызды мекеме зерттеу жұмысымен айналысып жатыр. Мен туған анамды іздеу жұмысын ешқашан доғармаймын, мен туған жеріме тағы да келемін!, - деп аяқтады сөзін.