Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова былтыр «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында сұхбат берген еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, үшінші курс оқып жүргенде тұрмыс құрған.
Мен ЖенПИ-де физика-математика факультетінде оқыдым. Физика, математика деген жеңіл пән емес қой. Мүмкін, мінезім де ауыр болған шығар. 27 жыл бірге тұрдық. Қолымда енем болды. Екі бала өмірге келді. Қайратты төртінші курста өмірге әкелдім. Студенттердің баласы болды. Атын Қайрат деп қойған да жолдастарымыз. Сол кезде бәріміз «Қайраттың» ойынын көретін едік. Тимур Сегізбаев сияқты болсып деп қойды атын. Құралай келді өмірге. Балаларды жақсы тәрбиеледік. 27 жыл бірге тұрдық, сосын анау-мынау болып кетті өмірі Зәкеңнің. Үйден кетпекші болып, сол 30 жыл дегенде ажырастық. 1965 жылы үйленіп, 1995 жылы ажырастық. Тек жолы болсын. Бізден кетті, басқаға жетті, - деді Нұрбике Нұрқаділова сұхбатында.
Ол Заманбек Нұрқаділовтің ажалы адамнан болды деп тұспалдайды.
Ажалы өзінен емес. Қайратта халыққа айтып жатыр ажалы өзінен емес, өзін-өзі үш рет ататын адам емес. Ол қоянды да, торғайды да атып көрген адам емес. Мен тау жақтан шыққан адаммын деп жүретін, - дейді бәйбішесі Нұрбике Нұрқаділова.
Айтуынша, өмірден өтетін кезінде қызы Құралайдың тігін студиясына келіп, кешірім сұраған.
Құралай қызым, мен енді жақсы әке болдым ба, жаман әке болдым ба... Кешір», - депті. Құралайдан кешірім сұрады.«Денсаулығым жоқ, денсаулығым нашар», - деген. Ол кезде қызметтен түсіп қалды ғой.«Папа, не менімен тұр, не Қайратқа қайт», - депті Құралай. «Қайтам ғой, қайтам ғой, - деген екен. Сол кезде Құралайдың офисінде түскен суреттері бар. Бұл қыркүйек айы болатын. Қарашада кетіп қалды, - дейді Нұрбике Нұрқаділова.
Еске салайық, бүгін Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті.