Өмір сүруге қолайлы үздік 10 ел

30 Маусым 2018, 12:08 13567

Топ-10 үздік елді білесіз бе?

Егер өмір сүруге қолайлы құтты мекен іздеп жүрген болсаңыз, адамзат үшін мейілінше жұмақ мекен саналатын топ-10 үздік елді тізбектеуге тырыстық.

Норвегия

Әйгілі викингтер отаны саналатын, теңізі мен бай тарихы бар, әрі табиғатын ештемемен салыстыруға келмейтін, өз бұрышын ертегі пейзаждарымен көмкерген таулы әрі буы бұрқыраған бұлағымен әйгілі Норвегияны жер жәннатына қалай жатқызбайсыз.  Көптеген жылдар бойы Норвегия дамушы елдер қатарында болса, соңғы жеті жыл қатарынан өмір сүруге ең қолайлы елдердің тізімінде көш бастап келеді.

Мұндағы әлеуметтік тұрақтылық пен әлем бойынша ең төменгі қылмыстық көрсеткіш сондай-ақ денсаулық сақтау саласының қолжетімділігі, кез-келген деңгейде су тегін білім алуға жасалған жағдай Норвегияны көптің қалауындағы жұмақ мекенге айналдырып отыр. Десе де, Норвегияда бүкіл Скандинавия елдеріндегідей салық көрсеткіші жоғары болса да, жемқорлықтың болмауына байланысты салық төлеушілердің қаражаты орынды жұмсалады дегенге нық сенуге болады.

Швеция

Швед халқы қоршаған ортаға деген айрықша махаббатымен ерекшеленетін ел. Мәселен, жиһаз әлемінде аты жалпақ жұртқа мәшһүр Икея фирмасын өмірге әкелген әйгілі скандинавтық дизайнер жасаған дүниелер қарапайым әрі өнімді қалдықсыз өндіретінімен көптің көңілінен шықты.

Бұдан өзге Швеция жоғары саплы білімімен мақтанады. Мұнда білім алу тегін, жемқорлық жоқ, жайлы өмір сүруге барлық жағдай жасалған. Норвегиядағыдай Швецияда да кез-келген ынталы жан тегін жоғары білім алуға құқылы. Шетелдік студенттер де тегін білім ала алады, ол үшін тек тиісті құжаттарды өткізу қажет.

Дания  

Осыдан жүз жыл бұрын Дания үш ірі мемлекетті: Дания, Швеция және Норвегияны бір ту астына біріктірді. Алайда, уақыт өте келе Норвегия мен Швеция тәуелсіз ел атанып, іргесін бөлек салды. Десе де, бұл елдерді рухани тұрғыда жалғайтын скандинавтық дәстүр күні бүгінге дейін жойылған жоқ. Бір-біріне өте жақын орналасқан үш елдің тілінің ұқсастығы сөзімізге айғақ.

Бір жылдары Дания әлемдегі ең бақытты елдерді салыстырғанда бірінші орын алған болатын. Шын мәнінде, тегін медицина мен білім сондай-ақ дат халқының ынтымағы мен ауызбіршілігі оларды әлемдегі ең бақытты халық етіп отыр деуге толық негіз бар.

Финляндия

Финляндияны да аздап скандинавиялық елдер қатарына жатқызатын кездер болады. Скандинавтар – ежелде біртұтас этнос болған, тілдері ұқсас,  солтүстік германдардың ұрпағы. Финндер финн-ұйғыр тілдес ұлтқа жатады, ал оларға ең жақын ретінде ұл венгр халқы саналады екен. Финляндия тек саунамен ғана танымал емес, мектептегі білім беру жүйесінің мінсіздігімен әйгілі. Мәселен, білім жүйесіндегі бағдарлама әрбір оқушының білім деңгейіне қарай құрылады, мұнда баға үшін бақталастық деген ұғым жоқ.

Финн халқы баланың бәрі зерек, әр балада талант бар деген ұғымға сенеді. Мұндағы қолайлы климат, ну орман мен тоғай табиғат аясында демалғанды ұнататындар үшінн өте ыңғайлы. Мықты әлеуметтік қамсыздандыру, қылмыстың төмендігі финн халқыны үшін алаңсыз өмір сүруіне барлық қырынан қолайлы.

Нидерланды

Ван Гог әрі қызғалдақтар елі саналатын Нидерланд толерантты әрі халқының әлеуметтік тұрмысы жоғары ел ретінде өзіне иммигранттарды көп шоғырландырып отыр. Голландықтар қарапайым халық болса да елін экономикасы қарыштаған Германия мен Франция сынды алпауыт елдер қатарына қоса білді. Голланд жұрты өз денсаулықтарына өте жауапты қарайтын халық, сол себепті бірінші кезекте тасымал көлігі ретінде велосипед адамдарға қызмет етеді. Тиімдісі қос аяқты арбамен бүкіл елді аралауға барлық мүмкіндік қарастырылған.

Жасөспірімдер арасында темекімен күрес жүргізу үшін ай сайын жасөспірімдерге 200 еуро көлемінде қаражат төлейді. Шылым шекпейтінін дәлелдегісі келетінде арнайы сараптама тапсырып, оң нәтиже анықталса тиісті қаражатын алып отырады. Бұл елде де қылмыстық көрсеткіш өте төмен, тіпті кейінгі жылдары жергілікті БАҚ басылымдары Нидерландта қылмыс азайғандықтан кейбір түрме мекемелері жабылды деген ақпарат таратқан болатын. Осындай көптеген қолайлы себептер адамдардың Нидерланд сынды ғажап елген деген қызығушылығын арттырса керек. Қазір Нидерланд аумағында өмір сүретін иммигранттар саны 1 миллионнан асып жығылады деген дерек бар.

Швейцария

Швейцария – тек Еуропа елдерінің ішінде ғана емес, әлем бойынша экономикасы тұрақты әрі дамыған ел саналады. Тағы бір ерекшілегі – бірден төрт тіл мемлекеттік тілі ретінде саналады. Олар: неміс, француз, итальян және ретороман тілдері. Швейцарияда адамдар қаруды заң аясында пайдаланып қана қоймай, мемлекет тарапынан қару ұстағаны үшін марпатталып та тұрады. Бұған қоса Швейцария көпшілік үшін экономикасы мықты елдердің сансыз капиталы сақталатын қаржы Меккесі саналады.

Алайда, бұл елдің негізгі күнкөрісін олигархтардың депозиты мен корпорациялары ғана ұстап тұрған жоқ, швейцар үкіметінің экономикалық саясаты инфляция көрсеткішін 1% деңгейінде ұстап тұруға қауқарлылығымен ерекшеленіп отыр. Тағы бір артықышылығы, шведтік фирманың қожайыны болуға тек Швейцария азаматы ғана құқылы, бұл жергілікті ұлт өкілі үшін ұлттық қордағы қаражатты тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Швейцарияда да білім алу тегін, шетелдік азаматтар үшін де тегін оқуға жағдай жасалған. Десе де, мұндай тиімді ұсыныстарға қармастан шетелдік азаматтар үшін Швейцария азаматы атану оңайға соқпайды. Сіз ол үшін кемінде осы топырақта 12 жыл өмір сүруіңіз керек.

Исландия

Солтүстік аралда орналасқан, халқының саны 320 000 ғана адамды құрайтын оқшау мемлекет. Адам саныны аз болғаны үшін исландықтар бір-бірін жақсы таниды деуге негіз бар. Мысалға, Исландияның астанасы Рейкьявикте қызметтен тыс уақытта қала көшелері мен дүкендерін еркін аралап жүрген мэр немесе премьер-министрді тіпті президентті кездестіруге болады. Исландияда ең жас адамдар тұрады, олардағы орташа жас көрсеткіші 36 жас саналады. Исландия жұрты балаларын еркін бағытта тәрбиелейді, көбінесе өнер мен спортқа баулиды.

Сол себепті де, исландықтардың арасында суретшілер мен музыканттар, жазушылар көп. Суық солтүстік климаты жергілікті халықты бауырмалдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеген. Кез-келген уақытта көршіңізден көмек сұрасаңыз қолғабыс етуден аянбайды. Ғасырлар бойы оқшау өмір сүрсе де исландықтар тілі мен ділін сақтап, тіпті тарихы сонау викингтен бастау алатын фольклор өнері мен сага өнерін сақтап қалды. Исландяи қоғамы дәрежесі жоғары  саналмайтын тарихтағы жалғыз ел. Мәселен, Исландия футбол құрамасын алсақ, топтағы аяқ допшылардың жартысынан көбі тренер-дантист, қақпашы-режиссер, қорғаушы-еден жуушы деп тізе беруге болады.

Канада

Канада хоккей спортымен мақатанады. Алайда Канадада өмір сүруге қызығатын жалғыз сбеп – хоккей өнері ме? Бұл спорт түрі бізде де бар ғой. Әрине олай емес, Канада экономикасы тұрақты, әлеуметтік қорғау саласы орынықты, тегін медициналық көмек пен білім алуға толыққанды жағдай жасалған ел.

Бұған қоса, егер сіз Канада азаматы болсаңыз, әлемнің 170 еліне визасыз кіруге мүмкіншілігіңіз бар. Мұндай артықшылық Канаданы Норвегия, Финляндия, Жапония сынды алпуыт елдер қатарына қосып тұр. Канада әсем табиғатымен әлемге әйгілі ел.    

Австралия

Австралия кезінде Британ Империясының түкпір-түкпірінен сотталғандарды айдайтын азап мекені болған. Алайда, осы жер аударылғандардың ұрпақтары мен түрме қызметкерлері бастапқыда қауіпті әрі жабайы мекенді адам танымастай етіп гүлдетіп, әсем бау-бақшаға кейіннен замануи мемлекетке айналдыра білді.

Австралияның артықшлығы ретінде жоғары дәрежелі экологиясын, таза ауасын, жұмсақ климатын айтуға болады. Ал, әлеуметтік салаға келер болсақ, білім алу ақылы болса да, жоғары оқу орындарының бәрі студенттерге несие береді. Білім несиесін алған студенттер оқуын тәмамдағаннан кейін 5 жыл ішінде несиені мемлекетке қайтаруына болады. Австралияда өмір сүруге қызықтыратын тағы бір фактиор – мұндағы экономикалық тұрақтылық деп айтуға болады. Мұнда дағдарыс болмайды, сол себепті алаңсыз бала-шағаңыздың болашағын жоспарлап, өмір сүруге болады.

Жаңа Зеландия  

Әйгілі «Властелин Колец» фильмінің түсірілім өткен, әлемдегі ең қауіпсіз ел саналатын Жаңа Зеландия қандай артықшылықтарымен ерекшеленеді?

Жаңа Зеландияда қылмыстық көрсеткіш өте төмен тіпті жоқтың қасы деуге болады. Көптеген жылдар бойы Жаңа Зеландия жылдам қарқынмен дамып келе жатқан топ-10 елдің қатарында. Мұнда маса жоқ. Жаңа Зеландияда бағалы кәсіби бейіміңізді толық пайдалануға мүмкіндік беретін еңбек иммиграциясы бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл екінші қырынан азаматтық алуға көп мүмкіндік береді. Жаңа Зеландия азаматы болсаңыз әлемнің 168 еліне Ұлыбритания мен АҚШ-ты қосқанда визасыз кіруге мүмкіндігіңіз бар.    

      

Бөлісу: