«Өмір сүруіміз керек». Әкесі өмірден өткен Бағлан Әбдірайымов халықтан рұқсат сұрады

5 Ақпан, 10:31 21200

10 бұрын әнші Бағлан Әбдірайымовтың әкесі өмірден өткен болатын. Әнші жұмысын жалғастыратынын айтып, халықтан рұқсат сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауылда әкемнің жеті күндік асын бердік. Ағайын-туыс, дос-жаранға мың алғыс білдіремін. Енді рұқсат етсеңіздер, әлеуметтік желіні жүргізуді жалғастыра берсем деймін. Тірі адам тіршілігін жасайды емес пе? 25 сәуір кином күтіп тұр. Жеке өмірім бар, көкпарым бар. Дұрыс түсініңіздер! Анам бар. Төрт қарындасым, бала-шағам бар. Өмір сүруіміз керек, - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, өнер иесі әкесінің қазасы туралы айтқан еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: