Омбыда тұратын қазақ қызы бокстан Ресей чемпионы атанды

12 Қараша 2023, 11:28 792

Омбыда тұратын қазақ қызы Салтанат Меденова бокстан Ресей чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қандасымыз 81 келіде Уфада өткен сында барлық қарсыластарынан басым түсті. Ол жартылай финалда екі дүркін әлем және Еуропа чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, дағыстандық Зенфира Магомедалиеваны ұтты.  

Ал финалда Нижегород облысының өкілі Евгенией Молочкованы сан соқтырды. Кездесу барысында Салтанат қарсыласын үшінші раундта нокдаунға түсірген. Сондай-ақ, Ресей чемпионы атанған спортшы 1,5 млн рубль көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болып отыр.

Асқар Таудай
Бөлісу: