21 сәуірде Премьер-министр Олжас Бектенов Мәскеуде Ресей Федерациясының үкімет басшысы Михаил Мишустинмен Үкімет үйінде екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Үкімет басшылары өнеркәсіп, энергетика (соның ішінде бейбіт атом), ғарыш, көлік инфрақұрылымы және цифрлық экономика салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды.
Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін білдіріп, екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екендерін жеткізді.