Олжас Бектенов ЕАЭО нарығында қазақстандық өнім үлесін арттыруды тапсырды

29 Қазан, 12:52 1131

Қазақстанда машина жасау өнімдерінің нарығы $31,6 млрд-қа бағаланады. Оның шамамен 16%-ы отандық өндірістің үлесіне тиесілі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде Қазақстан аккумуляторлар, трансформаторлар, кабельдер, локомотивтер, автомобилдер мен автобустар экспорттайды.

Премьер-министр ЕАЭО нарығында қазақстандық өнімнің үлесін арттыру қажеттігін атап өтті.

Олжас Бектенов экономикалық патриотизм басты қағидатқа айналуы тиіс екенін баса айтты. Біз қазақстандық өнімдерді сатып алып, сыртқы нарықтарда белсенді түрде дәріптеуіміз қажет. Өз кезегінде, отандық өндірушілер ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін де, экспортқа да қажетті көлемде тауар өндіруді қамтамасыз етуге дайын.

Біздің алдымызда локализациялау үлесі жоғары өндіріс циклін құру міндеті тұр. Бұл ретте, жұмыс тиімділігін арттыру үшін өндірісті дер кезінде жаңғыртып отыру маңызды, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар премьер-министр заманауи цифрлық және өнеркәсіптік технологияларды енгізудің, өндірістік процестерді роботтандыру мен автоматтандырудың маңыздылығын атап өтті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: