«Өлтіріп, лақтырып кеткен бе?». Алматыда жалаңаш әйелдің денесі табылды

17 Маусым, 12:51 7602

Алматы тұрғындары жалаңаш әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі желіде бөлісіп:

Таусамалы ауылында жас әйелдің денесі табылды. Ол киімсіз жалаңаш болды, - делінген жазбада

Оқиғаға байланысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді.

Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде. Басқа жағдайлар анықталуда, - деп хабарлады полиция. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: