Қолтаңба адам мінез-құлығының жалпы сипатын анықтау құралы

15 Қазан 2014, 09:40

Қолтаңба графолог үшін адам мінез-құлығының жалпы сипатын анықтау құралы болып табылады. Бұл жерде адам өзін-өзі қысқартылған күйінде таныстырады.

Қолтаңба графолог үшін адам мінез-құлығының жалпы сипатын анықтау құралы болып табылады. Бұл жерде адам өзін-өзі қысқартылған күйінде таныстырады. Мұнымен қоса, қолтаңбаның айналасындағы өрнектерге қарап, қосымша мағлұмат алуға болады.

Негізгі сипаттары:

1. Қолтаңбада оқылатын әріптер көп болған сайын адам өзгелермен араласуға бейім, ашық болғаны, ал керісінше түсініксіз, шимайланып келсе, оның иесі тұйық адам екенін білдіреді. 

 2. Қолтаңбада домаланған әріптер басым болса, ол адам жұмсақ, ал сүйір әріптер көп болса, бірбеткей, қатал болғаны.

3. Қолтаңба жоғарға қарай бағытталса, оның иесі оптимист, жігерлі, алдына қойған мақсатқа жетуді көздейтін адам. Ондай жандар қиындықтарға тап болып, күйзеліске ұшыраса да, оны жеңіп, жаңа күшпен, арман-мақсаттармен қайта туылады. Бұндай адамдарға шығармашылық потенциал тән.

4.  Әріптер сөздің соңына қарай кішірейіп, төменге қарай құлдилап жазылатын болса, адамда пессимистік көзқарас басым. Ондай адамдарда өз күшіне деген сенім аз болады, әлсіздікке бейім келеді. Қолтаңба түзу жазылса, оның иесінде оптимистік және пессимистік көзқарастар тең болғаны. Бұл жерде қоршаған ортаның да әсері болады.

5. Қолтаңбаның ұзындығы да маңызды. Егер қолтаңба қысқа болса (2-3 әріп), оның иесі болған жайдың мән-мағынасын тез ұғып, жылдам реакция таныта білетін адам. Бұндай жандар үнемі көңіл бөлуді қажет ететін, бірқалыпты жұмыстардан іші пысады және өз жанында баяу жұмыс істейтін адамдардың болғанын ұнатпайды.

Ұзын қолтаңба – оның иесінің байсалды, асығысты жаны сүймейтін адам екенін көрсетеді. Олар қандай-да бір болған істің мән-жайын терең қазбалап барып бір шешімге келеді, іждаһатты, аз-маз қыңқылдақ адамдар.

6. Графологиялық сараптамада қолтаңбаның басы мен аяғы аса маңызды. Егер басында екі, тіпті үш бас әрпітер болса, бұндай адам ақыл-ой еңбегіне жақын келеді. Ондай қолтаңбаларды әдетте түрлі саладағы бастықтар мен бастықсымақтар қояды.

7. Қолтаңбада інжудей ұсақ әріптер болса, мұның екі сипаттамасы бар. Ондай қолтаңбаның иесі не үнемшіл адам, не болмаса сараң, эгоист адам. Егер ұсақ әріптер вертикалды бағытта сымдай тартылған болса, оның иесінің қатты стрессті, инсульт немесе инфаркті бастап өткергенін көрсетеді.

 

8. Қолтаңбада нүктенің болуы оның иесінің тәртіпті, өз ісін аяғына дейін жеткізетін адам екенін білдіреді. Егер нүкте қолтаңбаның соңына қойылса, ол адам бастаған істі міндетті түрде аяғына дейін апаруға тырысады. Ал нүкте қолтаңбаның бас жағында тұрса, оның иесі бір істі бастамас бұрын әбден даярланып алатын адам.

9. Кейбір адамдар бір емес, бірнеше қолтаңбалар сала алады. Бұндай жандар айналасындағы ортаны таңдайды. Бір жағдайда олардың қолтаңбалары анық, ұқыпты болса, екінші ретте түсініксіз, шимайланып келеді. Егер бірінші жағдайда адам өзін жақсы жағынан көрсеткісі келсе, екінші жағдайда ол адам айналасындағыларға немқұрайлы екенін білдіреді.

Ескерту: егер адам көп құжаттарға қол қойып жатса, бұл аталған екі жағдайды қарастыруға болмайды.

10. Көп адамдар қолтаңбасын өрнектеп жатады. Солардың бірқатарына тоқталып кетейік

- қолтаңбаны түгелдей астын сызып шығуды  «бонапартизм» деп атайды. Олар өздерінің батыл, соңына дейін күресуге дайын, өзінің ғана өмірлік тәжірибесіне арқа сүйей алатынын көрсеткісі келеді. Ондай жандардың өмірлік ұстанымы – «Сіз әлі мен туралы еститін боласыз!»

 

- қолтаңбаның үстіңгі жағын үйдің төбесі секілді жауып тұратын сызықтың болуы – атақұмарлықты, өркөкіректікті білдіреді.  Ондай адамдар жоғары нәтижеге жетуге ұмтылып, барынша адамдарға пайдалы болуды көксейді. Сондай-ақ, бұндай жандар харизмасы бар лидерлер – президенттер, қолбасшылар.

- қолтаңба соңындағы бұралаңдар оның иесінің пессимист екенінін білдіруі мүмкін. Олар бастаған ісін әрдайым соңына дейін апара бермеуі мүмкін.

- қолтаңбаны бір емес, бірнеше рет астын сызып қоятын жандар, бірбеткей, өз дегеніне жетпей қоймайтын қырсық адамдар.

- қолтаңбаны ортасынан сызатын адамдар өзіне сенімсіз, өзін-өзі қатты сынайтын жандар.

 

Міне, құрметті оқырман, енді сіз де жазуға қарап, адамның бойындағы артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтап, өзіңізге керек мағлұматты жинай аласыз, ал біз сізге осы жолда тек сәттіліктер тілейміз.

Бөлісу: