26 Ақпан 2014, 08:44
Тарихтағы шығынға батып "Банкрот болған Олимпиадалар" туралы жазғанымыздың растығын дәлелдей түсер фотоларды қарап шығыңыз. Жүректі ауыртады... Кезінде елдің атын шығарамыз деген ұранмен өткен, кейінгі зардабы мен қаржы дағдарысын халқы тартқан ойындардан кейін нысандардың қалай қаңырап тұрғанын көріңіздер.
2004 жылы Афины Олимпиадасына арнайы салынған бейсбол алаңы
1984 жылы Сараево Олимпиадасында бобслей жолының рөлін атқарған екен...
1952 жылы Финляндиядағы Олимпиада кезінде бассейн болған...
2008 жыл. Пекин Олимпиадасы қарсаңында пайдалануға берілген "Құс Ұясы" стадионының қазіргі жағдайы
Пекин Олимпиадасында жасанды өзен жолы болған арна
Турин 2006 Олимпиадасының қаңырап тұрған қалашығы.
Бір кездері трамплин болса керек... Сараево 1984
Афины Олимпиадасында пайдаланылған ғимараттар...
Пекиндегі жағажай волейболы кешені. 2008 жылы салынған
1984 жылғы Сараево Олимпиадасының жеңімпаздары көтерілген даңқ тұғыры
Әлемде осындай жағдай... Қазақстан жағдайында бұл Астанадағы "Алау" мұз айдыны, "Сарыарқа" веложайы, "Астана Арена" стадионы және Алматыдағы трамплин кешені. Құдайға шүкір, аталған нысанның барлығы Азиададан кейін де халыққа мүлтіксіз қызмет етіп келеді. Бір сәт те жұмыс тоқтатқан емес! Жалғастыра берсін деп тілейміз!