Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев халықаралық қызметке тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Федерация баспасөз қызметінің мәліметінше, Кувейтте Азия дзюдо одағының (JUA) ресми конгресі өтті. Конгреске Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және Азия дзюдо одағына кіретін федерация басшылары мен өкілдері қатысты.
Конгресс барысында JUA атқарушы комитетінің шешімі бойынша Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев Азия дзюдо одағының рефери директоры болып тағайындалды, - делінген мәліметте.
Асхат Жіткеев – Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері. Сондай-ақ IJF Continental құрлықтық дәрежедегі төреші.