«Өлі жандарға» төлем жасаған». Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырған

16 Мамыр, 12:38 1540

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары, білім мекемесінің бухгалтері сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкім Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды.

Сот үкімімен белгіленген нормативтен тыс жалақыны заңсыз аударғаны, сондай-ақ «өлі жандарға» жүйелі төлем жасап келгені үшін директор орынбасары мен мектеп бухгалтері 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Ал жұмысына салғырт қараған мектеп директорына 6,9 млн теңге айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: