Олар Салтанаттың мәйітін мазақ етіп, қойылым қойды - Айтбек Амангелді

2 Мамыр, 14:28 6239

Сот жарыссөзінде марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді алқабилердің маңызды дерекке назар аударуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айтбек Амангелді 8 қараша күні қарындасының Қуандық Бишімбаевпен қарым-қатынасын біржола үзіп, кетпек болғанын айтады. Алайда Бишімбаев жібермегендіктен кете алмаған.

Бақытжан Байжановты көпшілік аяп жатыр, бірақ алданбасаңыздар екен. Олар екеуі бірге менің қарындасымды аяусыз өлтірді. Онымен қоймай Салтанаттың суып қалған денесіне реанимациялық процедураларды жасап, келеке еткен. Олар Салтанаттың өліп қалғанын біле тұра, қойылым қойып, мәйітін мазақ етті. Бұл әрекетін көмектесті деп ақтауға келмейді. Осы әрекеттері менің ашуымды туғызды, - дейді Айтбек Амангелді.

Сондай-ақ жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова осы сәтке қатысты көзқарасын айтты.

Байжанов жедел жәрдемге хабарласқанда ар жағында тұрған Бишімбаев "Салта, Салта, өліп қалды ма" деп айқалғанын естідік. Алайда, бұл да Бишімбаевтың жоспарының бір бөлігі еді. Оның қорғаушылары осы сәтке назар аударуымызды сұрап, қайта-қайта атап өткені белгілі. Себебі, бұл сәт туралы Бишімбаевтың өзі адвокаттарына айтқан, - дейді Жанна Уразбахова.

 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: