Қол терісінің күтімі

21 Шілде 2015, 11:23

Әрбір әйел қол терісінің сау әрі әдемі болуын қалайды.

Әрбір әйел қол терісінің сау әрі әдемі болуын қалайды. Әрине, сұлулық салондарында қол күтіміне байланысты алуан түрлі қызметтер көрсетіледі, алайда сол күтімді өзіңіз де жасай аласыз. Ол үшін төмендегі ережелерді есте ұстаңыз.

Қолға күтім жасау ережелері:

  1. Қол жуғаннан кейін, оны қатты орамалмен сүртіңіз. 1 шай қасық секерге 2 шай қасық күнбағыс майын қосып, араластырыңыз. Қоспаны қолыңызға жағып, 1-2 минуттай уқалаңыз. Содан соң, қолыңызды жылы сумен, жұмсақ сабынмен жуыңыз.
  2. Қолыңызға аздап тұз себіп, оған су бүркіп, теріңізге үйкеңіз.

Жоғарыда айтылған пилингтерден кейін, міндетті түрде крем жағу керек.

Қол терісіне арналған кремдер:

Қолға арналған кремдер әртүрлі лосьондарға қарағанда теріге жақсы күтім жасайды, өйткені оның құрамы тығызырақ келеді. Вазелин жағуыңызға болады, бірақ ол өте майлы болғандықтан, бұл емді кешкісін жасаған жөн. Вазелин жаққаннан кейін мақта-матадан жасалған қолғап киіп, таңға дейін ұстаған дұрыс. Таңертең қолыңыздың терісі нәзік әрі жұмсақ болады.

Крем жаққан кезде аздап массаж жасаңыз. Кремді қолдың сыртқы терісіне саусақтан бастап, жоғарыға қарай бағытта жағады. Әрбір саусаққа аздап массаж жасау керек. Алақанға крем жағудың қажеті жоқ.


Қаламқас Нұрмақова

 

Бөлісу: