АҚШ-тың жақында сайланған президенті Дональд Трамп Финикстегі AmericaFest конференциясында сөз сөйледі. Өз сөзінде ол билік алдағы уақытта оның миллиардер одақтасы Илон Маскқа ауысуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Трамп бұл болжамды «фантастика» деп атады және Масктың неліктен АҚШ президенті атана алмайтынын түсіндірді.
Жоқ, ол президент бола алмайды. Сондықтан ешқандай қауіп жоқ. Неліктен ол бола алмайтынын білесіз бе? Себебі ол бұл елде туған жоқ, - деді Дональд Трамп.
Айта кетейік, Илон Маск Оңтүстік Африкада дүниеге келген.