7 Қазан 2014, 04:21
Қыркүйек айының 27-28 күндері Алматы қаласының Жібек жолы көшесінде, Панфилов пен Фурманов көшелерінің аралығында, яғни Алматының Арбатында «Қолөнер жәрмеңкесі өтті». Жәрмеңкеге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің қолөнер шеберлері қатысып, өздерінің бұйымдарын жалпақ жұртқа ұсынды. Қолөнер туындыларын тамашалауға келгендер де көп болды, олардың қатарында қарапайым азаматтардан бастап, танымал журналистер мен мәдениет саласының беделді қызметкерлері де бар. Еl.kz редакциясы аталмыш іс-шарадан арнайы әзірленген фоторепортажды оқырман назарына ұсынады.
1. Николай есімді мына алматылық азамат бағалы тастарды жинаумен айналысады. Негізгі кәсібі - суретке түсіру.
2. Мұндағы бағалы тастар деп отырғанымыз шын мәнісінде - бұл тау жыныстарының өңделген түрі ғана.
3. Есімін айтуды жөн көрмеген мына өзбек азаматы әдемі өрнектелген орамалдарын екі жас жігітке ұсынуда.
4. Өрнектері көздің жауын алар көркем орамалдар жібек матадан жасалған.
5. Ольга есімді мына ару киізден жасалған үй шәркесін (орысша - домашние тапочки) саудалауда.
6. Ою-өрнекпен безендірілген қазақтың дәстүрлі торсықтары.
7. Ер қаруы - бес қару болса, солардың екеуі: шоқпар мен қалқан.
8. Жәрмеңкеде ұлттық нақышта жасалған бас киімдерді де кездестіруге болады.
9. Ою-өрнегі қазақша, пішін қырғызша бас киім.
10. Ірі көлемде, әрі ерекше идеямен жасалған бесік.
11. Неге екені белгісіз, автор компьютер мониторларын пайдаланған екен. Өкінішке орай, туынды авторын таба алмадық.
12. Танымал журналист Бигелді Ғабдуллин саздан жасалған ыдыстарға қызыға қарауда.
13. Мына әдемі ыдыстар Өзбекстаннан әкелінген.
14. Мұндай ыдыстар көбіне Орта Азиядағы отырықшы халықтардың мәдениетіне тән. Ыдыстың өрнектері мен жасалған материалы соны меңзейді. Қазақтардың дәстүрлі ыдыстары бұлардан өзгеше келеді.
15. Қазақ мәдениетіне көшпелі өмір қатты әсер етті және оны ыдыс-аяқтан да байқауға болады. Мәселен, қазақтың ыдыстары көбіне ағаштан жасалған және ондағы өрнектерде көшпелі өмірдің негізгі азығы мен көлігі, адал серігі саналатын төл жануарларымызға ерекше көңіл бөлінген. Ыдысты ағаштан жасау көшпелі өмірге өте тиімді, себебі, ылғи көшу үстінде болатын қазақтар үшін морт сынатын саз ыдыстар жарамайды.
16. Ет салатын ыдысымыз - астау.
17. Мына бір қазақ жігіт жәрмеңкеге өз әкесі әзірлеген дәстүрлі туындыларын әкелген екен.
18. Бұл қолөнер туындысының ерекшелігі сол, мұнда теріге сурет салынып, жиектемеге тартылады.
19. Суреттен бөлек, жиектеменің өзінде ерекше дизайнмен жасауға болады. Мәселен, мына туындыда жиектеменің бір жағы қобыз пішінінде жасалған.
20. Зергерлік бұйымдарсыз қолөнер жәрмеңкесі толық болмасы анық.
21. Сырға - қазақ қыздарының табиғи әдемілігін одан әрі күшейте түсетін әсем бұйымдар.
22. Ұлттық нақышта безендірілген білезіктер.
23. Құман мен шәугім.
24. Феруз есімді өзбек азаматы қазақша сурет салынған өзбек аспабымен ойнауда.
25. Ауғанстаннан келген тоқыма кілемдер.
26. Жәрмеңкеде ескіден қалған қолөнер туындыларын да кездестірдік. Мәселен, мынау - жіп иіруге арналған құрал.
27. Мына ескі үтікті көргенде, кез келген адамда мұның қолөнерге қаншалықты қатысы бар деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Шындай-ақ, бүгінгі күннің үтігі үш қайнаса сорпасы қолөнерге қосылмайды. Алайда, сол бір заманда, жаппай басып шығаратын конвейерлік жүйе жоқ кезде, әрбір үтік қолмен жасалды, сол себепті белгілі бір деңгейде бұл құралды да қолөнер туындысына жатқызуға болатын сияқты.
Дархан Өмірбек
El.kz интернет-жобасы