"Өгей қызын ыстық суға күйдірген" мұғалімнен жауап алынды

9 Қаңтар, 11:02 2225

Алматы облысында тоғыз жастағы жетім қыздың асырап алған анасынан қорлық көргені туралы бейнежазба таралған еді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Үндеуде жәбірленуші 9 жастағы қыз асырап алған анасынан қорлық көргенін айтады. Алайда, әйел асырап алған қызына қол ұшын тигізбедім дейді. Оның айтуынша, әріптестері қызды жалған сөйлетіп, бейнекамераға жазып алған. Тоғыз жастағы Раминаны асырап алған әйел Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылындағы мектептің бірінде география пәнінен сабақ береді.

Ыстық суға күйдірген бболсам денесі көлдіреп тұрмай ма? Құлағындағы жара мен шашының түсіп қалуы теміреткімен ауырғанынан. Ал оның ұрды-соқты деп зудыратқанына тоқталсақ, оған біреудің жаттатқызғанын көруге болады, – деп ақталады қыздың асыраушысы Айдам Ниязова.

Бұл өзіне қас адамдардың әрекеті деп отыр. Қызды асырап алған әйел де абыройыма нұқсан келді деп полицейлерге арыз жазды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, кеше Алматы облысында әйел асырап алған қызын ыстық сумен күйдіріп, азаптағаны туралы хабарлаған едік.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: