«Оған шай қойып жатқан». Ақтөбеде бұрынғы күйеуі үш баланың анасын өлтіріп кетті

2 Мамыр, 16:35 4376

Ақтөбе облысы Саркүл ауылында үш баланың анасын аса қатыгездікпен өлтіріп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі хабарлады. Олар 2022 жылы ажырасып кеткен. Ер адам басқа әйелмен кетіп, балаларына мүлде алимент төлемеген. Алайда, екі жылдан соң, бұрынғы отбасына, балаларына келген. Әйел оны қайта қабылдаған.

Қайғылы оқиға болған түні ер адам Ақтөбеден таксимен келіп, оған ауылдың шетінде күте тұруын өтінген. Яғни, қылмыс алдын ала жоспарланған. Күйеуі келгенде Айбану шай қоймақ болып, теріс бұрылады. Сол сәтте ер адам шабуыл жасап, қылқындырып өлтірген де, оқиға орнынан кетіп қалған. Бұл уақытта балалар басқа бөлмеде ұйықтап жатқан, - деп жазды Таңсәрі.

Қоғам белсендісінің айтуынша, ер адамның бұл қылмысқа баруына екеуіне ортақ пәтерді бөліскісі келмегені себеп. Айбану ажырасқан соң, жылжымайтын мүліктің жартысын сұрай берген. Яғни, балаларда баспана болғанын қалаған.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатр. Күдікті ұсталып, қамауға алынған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: