Облыстың 7 нысаны Шымкент қаласының меншігіне өткізілмек

8 Қыркүйек, 16:04 399

Қала тұрғындары Түркістан облысы құрылып, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгенімен қаладағы біраз нысандар Түркістан облысының меншігінде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыған орай қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы бойынша мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігін арттыру және жергілікті бюджеттен ғимараттарды жалға беру құнын оңтайландыру мақсатында Түркістан облысының әкімімен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды бірқатар нысандарды коммуналдық меншікке өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Екі жақты арнайы Жол картасы әзірленіп, қазір бірінші кезең бойынша 7 нысанды мегаполистің коммуналдық меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оның ішінде, Республика даңғылы 41/8-дегі білім басқармасының ғимараты, Әл-Фараби алаңындағы кітапхана, үш тілде оқытатын 500 орындық Маржан Тасова атындағы №12 мамандандырылған мектеп-интернаты КММ және Абай ауданындағы темір жол желісі бойынша шешімдер қабылданған.

Ал Тәуке хан даңғылы, 6-шы үйдегі әкімшілік ғимаратын, Қазыбек би көшесі, 9-үйдегі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ғимаратын қаланың меншігіне өткізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Келесі жылы Орталық саябақта орналасқан "Қоғамдық келісім" КММ ғимараты қала балансына беріледі. Жергілікті мекемелерді өз ғимараттарымен қамтамасыз ету қала бюджетіне түсетін шығынды азайып, үнемделген қаржы қаланы дамытуға жұмсалады. Сондай-ақ, алдағы уақытта Шымкент қаласында орналасқан облыстық мекемелер Түркістан облысындағы салынып жатқан ғимараттар

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: