Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында ел өңірлерінде креативті хабтарды дамыту жөніндегі жұмыс туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол жергілікті атқарушы органдарға креативті индустрияны дамыту бойынша заңнамалық құзырет берілгенін атап өтті. Бұл норма ел өңірлерінде креативті хабтар құру және дамыту мақсатында қабылданды.
Бүгінгі таңда республика бойынша 12 креативті хаб ашылды. Алайда, Ақмола, Алматы, Жетісу, Ұлытау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. Креативті хабтар – өңірлердегі креативті индустрияны дамытудың негізгі инфрақұрылымы болуға тиіс. Олар өңірлік экожүйенің орталығына айналып, таланттарды тарту және олармен жұмыс істеу бойынша маңызды рөл атқарады, – деп атап өтті Аида Балаева.