Оқу жайы. Жалғасы

27 Тамыз 2014, 08:49

Оқу жайы. Жалғасы

Осы айтылғандардың барлығы А.Байтұрсынұлының оқу- ағарту жайындағы ой-пікірлерін, көзқарасын, тілек-талаптарын танытады. Өткен ғасырдың ІІ-жартысынан бастап көтерілген оқу-ағартумәселесіқазаққоғамыүшінәлеуметтікмәндегіүлкен проблема болса, оны іс жүзінде қолға алған тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин екендігін білеміз. Осы салада одан кейінгі нақты іс атқарған екінші адам («екінші Алтынсарин») Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ол – халықты оқуға шақырған, білім- ғылымның қажеттігін түсіндірген жалаң үгітші емес, қазақ арасында ағартушылық жұмыстарын, жалпы мектеп ісін жолға қоюға көп күш салған, бала оқытып, ұстаздық еткен тәжірибелі жан. Сонымен қатар ол – оқу-ағарту ісін жолға қою үшін қажет өзге де іс-әрекеттерді қолға алған қайраткер. Бұл іс-әрекеттер: қазақ жазуына лайық графика түзу, жазу тәртібі – емлені жа- сау, қазақша сауат ашатын «Әліппе» жазу, ана тілін танытатын мектеп оқулықтарын жазу, бала оқытудың әдістерін көрсету. Осы орайда Ахмет Байтұрсынұлы қазақ мәдениеті көгінде жалаң ағартушы емес, ғалым-ағартушы болды. Ол – қазақ тілі мен әдебиетін пән ретінде қазақ тілінде тұңғыш баяндаушы ғалым.

А.Байтұрсынұлы – қазақ тілін зерттеуші. А.Байтұрсынұлы мұғалімдер даярлайтын оқу орнын бітірісімен, 1895-інші жыл- дардан бастап бала оқытуға кіріседі. 13-14 жыл бойы (1895-1909 жылдар арасында) ауылдық, болыстық бастауыш мектептер мен 5-6 жылдық екі сыныптық училищелерде мұғалім болып істеді. Бала оқыта жүріп, сол оқыту ісіне қажетті жағдайлар (нәрселер) жайын ойлап, ең алдымен, қазақ балаларының сауа- тын қазақша ашатын ұлттық, жазу таңбалары (графикасы, сол кездегі термин бойынша «әліп-би») бар ма; екіншіден, оқыту жүйесі жолға қойылған, үкімет тарапынан ашылған мек- тептер бар ма; үшіншіден, ондай әліпбиі мен мектебі болған күнде қазақ тіліндегі «Әліппесі» («Букварь» оқулығы),  ана тілі оқулықтары («Грамматика» кітаптары) бар ма; баланы ана тілінде оқытудың тиімді әдістері қайсы? Міне, осыларға назар аударады. Әрине, бұлардың бірде-біреуінің жоқ екенін біледі

және осыларды дүниеге келтіргенінше, жүзеге асырмайын- ша, қазақ даласындағы оқу-ағарту ісін дұрыс жүргізу мүмкін еместігін де жақсы түсінеді. Енді ол «барымен базар» болып, күнделікті бала оқытумен қатар, жоғарыда айтылған жоқтарды түгендеуге кіріседі. Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы 1910 жыл- дардан бастап қазақ жазуымен (графикасымен) айналыса ба- стайды. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ тілінің дыбыс жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алды. Ол үшін алдымен қазақ тілінің фонетикалык құрамын зерттеді.

"Ел-шежіре"

Бөлісу: