Оқу-ағарту бірінші вице-министрі тағайындалды

27 Тамыз 2022, 18:23 1348

Үкіметтің қаулысы шықты

ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz Үкіметке сілтеме жасап.

Шолпан Каринова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінде мұғалім болып бастады.

1998-1999 жылдары — орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

1999-2000 жылдары — орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

2000-2002 жылдары — директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

2002-2003 жылдары Көкшетау медициналық колледжінде оқытушылық және аударма қызметімен айналысқан.

2003-2004 жылдары — СҚО Тайынша ауданы Білім және спорт бөлімінің әдіскері; оқу жұмысы бойынша бөлімше басшысының м. а.

2004-2005 жылдары — СҚО Тайынша ауданы №5 орта мектебінің директоры.

2005-2008 жылдары — СҚО Тайынша ауданының Білім бөлімінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2008-2009 жылдары — СҚО Тайынша қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы.

2009-2012 жылдары — СҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары, Петропавл қаласы.

2012-2013 жылдары — Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары.

2013-2017 жылдары — СҚО Білім басқармасы басшысының м. а., басшысы, Петропавл қаласы.

2017-2018 жылдары — ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары — Астана қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары.

2019-2021 жылдары ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды. 

2021 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін – ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі.

Бөлісу: